Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости

Филологиялық цикл пәндерін оқытудағы тиімді және заманауи инновациялық технологиялар

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы                  17 қыркүйек күні филологиялық пәндер педагогтеріне арналған тілдер күні мерекесі мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін атап өтуге қатысты іс – шаралар жоспарына сәйкес «Филологиялық цикл пәндерін оқытудағы тиімді және заманауи инновациялық технологиялар» тақырыбындағы облыстық  семинар - практикум өткізді.

Мақсаты: мемлекеттік тілді елімізде этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде танымал ету.

Семинарға облыс мектептерінің 500 қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің педагогтері қатысты.

Технологиялық және демографиялық сын-қатерлер жағдайындағы қоғам дамуының қазiргi заманғы кезеңi бiлiм беру қызметтерiнiң сапасына талаптар қояды.

Әдіскерлер мен педагогтер цифрландырудың білім сапасына және оқу үдерісін заманауи қоғамның қажеттіліктеріне бейімдеуге әсері туралы айтып берді.

Спикерлер тиімді цифрлық технологияларды, зерттеу дағдылары әдістерін, оқу сауаттылығын дамыту тәсілдерін практикада қолдану тәжірибесін ұсынды.

Қатысушылар цифрлық технологиялар мен Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім беру үдерісін жетілдірудің жаңа тәсілдері мен қағидаттарын талқылады.

Семинар соңында педагогтер ұсынымдар мен материалдар алды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное