Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости

Бірыңғай құқықтық білім күні

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы қауіпсіздік, заң және тәртіпті сақтау мақсатында «Жасөспірім» науқаны бойынша бірыңғай құқықтық білім күні өтті. Оңтүстік полиция бөлімінің лейтенанты Н.Д. Ермухамбетов 9-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мектептің ішкі ережесін сақтау, мектептің, өзінің және басқаның мүлкіне зиян келтірмеу, бірін-бірі ренжітпеу, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы әңгіме жүргізді. Құқықбұзушылық жасағаны үшін заңды өкілдері қандай жазаға тартылатыны жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің заңдарымен, баптарымен таныстырды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное