2024 жылы 22 қарашада Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, басшылардың орынбасарлары, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің педагогтері үшін «Функционалдық сауаттылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша әдістемелік сағат өткізді, оған облыстың 400-ден астам педагогі қатысты.
Спикерлер қазақ тілі, бастауыш сыныптарда математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту, ағылшын тілі сабақтарында мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру туралы айтып берді. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үрдісінде жобалық жұмысты пайдалану тәжірибесін ұсынды.
Жұмыс қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, кері байланыс ұйымдастырылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау