2024 жылғы 25 қарашада Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы бастауыш сынып, информатика, ағылшын тілі, көркем еңбек және география мұғалімдеріне арналған «STEM білім беру: мүмкіндіктер мен болашағы» тақырыбында әдістемелік шеберхана өткізді. Іс-шараға облыстың 450-ден астам педагогі қатысты.
Облыс педагогтері «Робототехника», «Lego – құрастыру», «Математика сабағында STEM-жабдықтарын пайдалану», «Жоба бойынша топтық жұмыс» тақырыптары бойынша педагогикалық зертханаларын ұсынды, география сабақтарында виртуалды зертхана,жасанды интеллект платформасының 3D-макеттері пайдаланылды.
Әдістемелік шеберхана аясында ағылшын тілі сабақтарында екі тілді оқытуды дамыту үшін STEAM технологиясын қолдану, көркем еңбек сабақтарында STEM технологияларын қолдану мәселелері талқыланды.
Әдістемелік шеберханада педагогтерге оқу процесінде аталған технологиямен оқыту және пайдалануға кеңестер берілді, соңында тыңдаушылар гугл-формасында кері байланыс жасады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау