Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости

Оқушылардың білім сапасы - мұғалім жұмысының нәтижесі

«943 – еліміздегі мақсатты мектептерді дамыту» республикалық жобасын іске асыру және Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының Жобалық кеңсесінің әдіскерлері  мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуі Ақсу қаласының Қ.Шүлембаев атындағы мектеп аясында көшпелі тәжірибелік сабақ өткізді.

Секция жұмысында Қ.Шүлембаев атындағы, Береке ауылы мен Қызылжар ауылы мектептерінен директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, жаратылыстану-математика және гуманитарлық пәндер мұғалімдері қатысты.

Практикалық бөлімде әдіскерлер шеберлік сабақтарын өткізді, онда гуманитарлық пәндер бойынша мәтінмен жұмыс істеу ерекшеліктері, сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдері талқыланды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері тақырыптық модульдер, сабаққа дараланған оқыту әдісі технологиясы бойынша оқу парақтары, қалыптастырушы бағалау және жиынтық жұмыс бойынша тест жұмысы құрастырды. Барлық қатысушылардың белсенді әрекеттесуі үшін жағдай жасалған.

Әдістемелік шеберхананың  соңында білім алушылардың білім сапасын арттыру құралы және педагогтер мен білім алушылардың арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру құралы ретінде оқу үдерісінде заманауи технологияларды қолдану қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы қорытындылар жасалды.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное