Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости

Грамматика мен лексиканы оқытуда геймификацияны қолдану

2024 жылдың 18 желтоқсанында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы қауымдастықтың жоспарына сәйкес облыстағы 200-ден астам педагогты қамтыған «Грамматика мен лексиканы оқытуда геймификацияны қолдану» атты аймақтағы ағылшын тілі пәні педагогтеріне семинар ұйымдастырды.  Шараға педагог-зерттеушілердің озық тәжірибелері жинақталды.

Семинардың мақсаты: мұғалімдерге ағылшын тілінің грамматикасы мен лексикасын үйрету үшін ойын элементтерін қалай тиімді пайдалану керектігін көрсету болды. Семинар барысында мұғалімдер оқушылардың ынтасын арттыру, оқу процесіне қатысуын жақсарту және тілдік білімдерін бекіту үшін геймификацияны қолдануды үйренді.

Семинар спикерлері өздерінің жеке тәжірибелерімен және осы технологияны оқытуда қалай тиімді пайдалануға болатынын көрсететін көрнекі мысалдармен бөлісті. Семинар қатысушыларды жаңа идеялармен және білім беру әдістерін одан әрі жетілдіру үшін ресурстармен қамтамасыз етіп, ағылшын тілін оқытуды дамытудағы маңызды қадам болды. Қатысушылардың пікірлері тақырыптың жоғары өзектілігін және пайдалылығын растады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное