Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости

Заманауи ауылдық мектепке дейінгі ұйым: ізденістер мен нәтижелер

ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ жоспарына сәйкес Түркістан облысында “Заманауи ауылдық мектепке дейінгі ұйым: ізденістер мен нәтижелер” тақырыбындағы республикалық семинар өтті. Семинарға Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтері, Білімді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері қатысты. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді-мекенінде өткен кездесуде Түркістан облысының мобильді топтарының, құзіреттілік орталықтарының және консультациялық пунктерінің тәжірибелері ұсынылды. Әжелер, аналар, әкелер мектептеріндегі ата-аналармен орнатылған ынтымақтастық көрсетілді. Күннің екінші жартысында өткен пленарлық мәжілісте мектепке дейінгі білімдегі өзекті мәселелер талқыланды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное