Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024 жылдың 3 мамыр күні Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей базасында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы облыстан 43 жас педагог қатысқан «Дарынды балаларға  – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурстың басты мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау, педагогтердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Қазылар алқасының мүшелері: жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушылары, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері.

Байқау лингвистикалық, гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, психологиялық-педагогикалық және тәлімгер жұмысы бойынша 5 бағытта қорытындыланды. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі Дипломдарымен марапатталатын жеңімпаздар анықталды.

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒЫТ:

1 орын - Бусурманов Азат Арманұлы, Ертіс ауданы, №3 Ертіс ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

2 орын - Бимурза Нариман Русланұлы, Павлодар қ., Қ.Мақпалеев атындағы ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

3 орын - Тасболатов Олжас Тасболатұлы, «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының» ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ:

1 орын – Таласпай Әнел Мұқанқызы, Аққулы ауданы Тілектес ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі;

2 орын – Ауталипов Нияз Ерболович, Павлодар қаласы №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі;

3 орын – Болат Сәнім Арманқызы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернатының тарих пәнінің мұғалімі.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТ:

1 орын – Бәкен Даниял Мұратұлы, Павлодар қаласы №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі;

2 орын – Дударева Анжелика Дмитриевна, Екібастұз қаласындағы №9 ЖОМ география пәнінің мұғалімі;

3 орын – Канатбекова Гүлмира Канатбековна, Екібастұз қаласы  «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің» биология пәнінің мұғалімі.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТ:

1 орын – Сламбекова Айгуль Муратовна, Май ауданы Жалтыр ЖОМ педагог-психологі;

2 орын – Тамшыбай Руслан Берікұлы, Баянауыл ауданы Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ педагог-психологі;

3 орын – Варварюк Игорь Александрович, Тереңкөл ауданы Калинов ЖОМ педагог-психологі.

ТӘЛІМГЕРЛЕР:

1 орын – Шақырман Айдана Дүйсембайқызы, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ тәлімгері;

2 орын – Жаңабек Ғаламат Ғалымжанұлы, Май ауданы Е.Мұқашев атындағы ЖОМ тәлімгері;

3 орын – Мұрынбаева Балауса Нұрғанатқызы, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның тәлімгері.

Облыстық кезеңде I және II дәрежелі диплом иегерлері атанған педагогтер республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын қорғайды.

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Сообщества | Показать все

Полезное